Сейсенбі, 27 Қыркүйек, 2022

Ауыл әкімі көп кітап оқыған балаларға қозы сыйлады

Түркістан облысы Ордабасы ауданы ауылдық округінің әкімі оқушыларды жазғы демалыста смартфоннан алыстатып, уақыттарын тиімді өткізу үшін байқау жариялады деп хабарлады turkystan.kz Экспресс К басылымына сілтеме жасап.

Байқау талабы бойынша округте ең көп кітап оқыған оқушыларға сыйлыққа қозы беріледі. Бұл – ауылдық округ әкімінің идеясы.

«Бізде аудан әкімінің қатысуымен апта сайын әкімдіктің аппарат отырысы өтеді. Сол жиындардың бірінде басшымыз «Өздерің де жассыңдар ғой, мен қашанғы идея айта беремін» деп ренжігені бар. Негізі, біздің ауданда 10 ауылдық округ болса, соның сегізінде жас әкім. Біздің ауылдық округтің әкімдік ғимаратында wi-fi желісі ашық. Кез келген адам келіп қосыла алады. Жазғы демалыс басталғалы бері балалар әкімшілік ғимаратын жағалай бастады. Бәрінің қолында бір-бір телефон. Үңіліп отырады. Бірнеше рет ескерту жасап, қайтарып жібергенімізбен айналып қайта келеді. Содан олардың көңілін аулау, кітапқа деген қызығушылығын арттыру мақсатында осындай идея туындады. Бұл идеяны өзімнің достарыма да айттым. Олар бірден қолдау білдіріп, демеушілік жасайтындарын жеткізді», – деді ауылдық округ әкімі Серғали Құрымбеков.

Ауыл әкімі көп кітап оқыған балаларға қозы сыйлады

Маусым айында ауылдағы үш оқушыға қозы табысталған. Барлығы да 6-сынып оқушылары. Олардың біреуі екі кітап, қалғаны бір-бір кітаптан оқыған.

«Маусым айының соңында ауылдағы кітапханашы апайымызды шақырып, жеңімпаздарды анықтадық. Балалардың өзімен де сөйлестік. Кейін оларға бір-бір қозыны табыстадық. Кешке қарай балалардың ата-аналары хабарласып, «сыйлықты сіздер бердіңіздер ме?» деп таңданыстарын жасырмады. Ауыл тұрғындарының арнайы чаты бар. Кейінірек сонда хабарландыру берілді. Осы айда кітап оқуға ниет білдірген оқушылар қатары күрт өсіпті. Мендегі мәлімет болса, кітапханадан қырықтай оқушы кітап алып кеткен. Енді алдағы айда 5 оқушыны ынталандырамыз деп жоспарлап отырмыз. Оларға да қозы беріледі», – деді шенеунік.

Шілде айында жеңімпаздарды анықтау үшін жаңа ереже бекітіліп отыр. Яғни, кітапханашылар кітаптың кез келген бетін ашып, алғашқы сөйлемін оқиды. Оқушы ары қарай өз түсінігімен оқыған кітабын ауызша айтып беруі тиіс. Сондай-ақ жеңімпаз оқыған кітап санына қарай да анықталады. Кітап жанрына шектеу жоқ.

Ауыл әкімі бұл іс-шара тамыз айында да жалғасатынын атап өтті.

Ауыл әкімі көп кітап оқыған балаларға қозы сыйлады

Ұқсас жаңалықтар

Back to top button