Шымкентте 12 жастағы қыз егіз бауырын өрттен аман алып қалды

Шымкентте 12 жастағы қыз егіз бауырын өрттен аман алып қалды

Шымкентте 12 жастағы қыз егіз бауырын өрттен аман алып қалды
ашық дереккөзі
Шымкентте 12 жастағы қыз өртке оранған үйден бір жасар егіздерді аман алып шықты деп хабарлады turkystan.kz Оtyrar.kz-ке сілтеме жасап.  Оқиға өткен жұманың түнінде Қайнарбұлақ саяжайында болған. Балаларын ұйықтатқан ата-анасы көрші үйге сүт алуға кеткен. Жасөспірім орындықтан түтін шыға бастағанда өрт басталғанын түсінген. Өшіруге тырысқанымен, қызыл жалынның бетін қайтара алмады. Жанында бір жастағы егіз бауырлары ұйықтап жатқан. Ол көп ойланбастан інілерінің біреуін көтеріп далаға алып шығады. Одан кейін өртеніп жатқан үйге кіріп, екінші інісін құтқарып қалды.
«Бауырларын бірінен соң бірін далаға алып шыққан. Сосын маған «Анашым, інімді жерге жатқызуға мәжбүр болдым. Кешіріңіздерші. Өйткені екіншісін алып шығу үшін жүгіріп кеттім» деді. Шынын айтсам, өзім қатты таңғалдым. Ол әлі өзі бала ғой, қорқып, далаға қашып кетсе де ештеңе істей алмас едік. Інілерін шығарғаннан кейін ұзақ уақыт аяқтары дірілдеп, қорқып тұрды. Кейіннен біз балаларды көршілердің үйіне алып бардық, үйіміз өртенгенін айтпадық», - деп еске алды Мария Саворовская.
Үйсіз қалған отбасына жас жігіт қол ұшын созып, уақытша баспана және азық-түлік берген. 12 жастағы қыз бен оның екі інісі қазір қауіпсіз жерде, ал ата-анасы үйін қайта қалпына келтіріп жатыр.