Серікқали Брекешев биыл еңбек демалысына шықпайтынын айтты

Серікқали Брекешев биыл еңбек демалысына шықпайтынын айтты

Серікқали Брекешев биыл еңбек демалысына шықпайтынын айтты
ашық дереккөзі
Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің басшысы ОКҚ брифингінде журналистердің сұрағына жауап берді деп хабарлады turkystan.kz. Министрге «Биыл еңбек демалысына шығуды жоспарлап отырсыз ба? Неше күн демаласыз?» деген сұрақ қойылды.
«Еңбек демалысына шықпаймын деп шешім қабылдадым», – деді Серікқали Брекешев. 
Министр Президенттің сынына дейін Министрлер кабинетінің кеңейтілген отырысында демалыс туралы жоспары болғанын айтқан болатын.
«Жоспар болған, бірақ қазір жұмыс көбейді, сондықтан бас тарттым. Екі апта демалуды жоспарлаған болатынмын. Енді келесі жылы көреміз», – деді ол.