Әкелі-балалы журналист Матаевтар ақталып шықты

Әкелі-балалы журналист Матаевтар ақталып шықты

Әкелі-балалы журналист Матаевтар ақталып шықты
ашық дереккөзі
Жоғарғы Сот Бас прокурордың наразылығы бойынша сотталғандар Сейтқазы Матаев пен Әсет Матаевқа қатысты қылмыстық істі қарады. Бұл туралы сот органы Facebook-тегі ресми парақшасында жариялады деп хабарлады turkystan.kz. Осы жылдың 24 маусымында Жоғарғы Сотқа келіп түскен наразылықта Бас прокурор іс үшін елеулі маңызы бар мән-жайлар бойынша сот тергеуінің толық болмауына байланысты іс бойынша шығарылған сот актілерінің күшін жоюды және қылмыстық істі апелляцияға жаңадан қарауға жіберуді сұрады.
"Бүгін, 19 шілдеде 7 судьядан тұратын Жоғарғы Соттың қылмыстық істер жөніндегі сот алқасы наразылықты қарап, сот актілерінің күшін жойды. Сейтқазы және Әсет Матаевтардың әрекеттерінде қылмыс құрамының болмауына байланысты іс тоқтатылды", - деп жазылған хабарламада.