Қазақстанда азаматтығы жоқ 9 мыңнан астам адам анықталды

Қазақстанда азаматтығы жоқ 9 мыңнан астам адам анықталды

Қазақстанда азаматтығы жоқ 9 мыңнан астам адам анықталды
ашық дереккөзі
Қазақстанда соңғы екі жылдың ішінде азаматтығы жоқ 9 мыңнан астам адам анықталды деп хабарлады turkystan.kz Хабар 24 арнасына сілтеме жасап. Азаматтық алмай жүргендердің барлығы құжаттандырудың халықаралық кампаниясы аясында анықталған болатын. Құқық қорғаушылардың айтуынша, барлық аймақта үкіметтік емес ұйымдар, көші-қон қызметі мен Әділет министрлігі арасындағы жұмыс күшейтілді. Соның нәтижесінде 500-ден астам адам азаматтығын алды. Бүгінде тағы 490 адам құжаттарын рәсімдеуге кірісті. Ал салалық ведомстволар шетелдік әріптестерімен келіссөз жүргізіп жатыр. Негізгі мақсат – Қазақстанның БҰҰ-ның азаматтықтығы жоқтығы туралы конвенцияларына қосылу. Айта кетсек, БҰҰ-ның азаматтығы жоқ адамдардың санын қысқарту туралы конвенциясы 1961 жылы қабылданған болатын. Оған қосылған мемлекеттер азаматтығы жоқ адамдарды қысқартуға міндетті.