Апатқа ұшыраған Су-27 ұшағының ұшқышы госпитальда жатыр

Апатқа ұшыраған Су-27 ұшағының ұшқышы госпитальда жатыр

Апатқа ұшыраған Су-27 ұшағының ұшқышы госпитальда жатыр
ашық дереккөзі
Талдықорған маңындағы Су-27 жойғышы апатында зардап шеккен ұшқыш-майор Әділбек Ысқақов әскери госпитальда жатыр. «Қазіргі уақытта Су-27 ұшқышы, майор Әділбек Ысқақов әскери госпитальда жатыр. Әскери дәрігерлердің айтуынша, оның жағдайы қанағаттанарлық, еш жері сынбаған», - делінген Қазақстан Қорғаныс министрлігінің ресми мәлімдемесінде.
Қақтығыстың себептері мен мән-жайын ҚР Қорғаныс министрі тағайындаған комиссия анықтауда. Сонымен бірге, Бас әскери прокуратура қызметкерлері де тергеу жұмыстарын жүргізуде. Бас әскери прокуратура Су-27 жойғышының апатқа ұшырау фактісі бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 464-бабында көрсетілген құқық бұзушылық бойынша (Ұшу немесе ұшуға дайындық құқықтарын бұзу) сотқа дейінгі тергеуді бастады.
«Бас әскери прокуратураның арнайы прокуроры С.А.Сырлыбаевтың жетекшілігімен Талдықорған гарнизонының әскери полиция бөлімінің және ҚР ІІМ Оңтүстік аймақтық әскери-тергеу басқармасының қызметкерлерінен жедел-тергеу тобы құрылды», - деп хабарлады Бас әскери прокуратура.