Қазақстанның экспорт көлемі артты

Қазақстанның экспорт көлемі артты

Қазақстанның экспорт көлемі артты
ашық дереккөзі
Биылғы бірінші бес айда Қазақстанның сыртқы тауар айналымы 51,3 млрд долларға жетті. Бұл былтырғы сәйкес кезеңмен салыстырғанда 40,7 пайызға артық деп хабарлады turkystan.kz Сауда және интеграция министрлігіне сілтеме жасап. Ведомство мәліметінше, қаңтар-мамыр аралығында еліміздің экспорт көлемі 59,1% пайызға өсіп, 34,2 млрд доллар болған. Сол уақыт ішінде шикі мұнай экспорты - 91,2%, ферроқорытпалар - 61,1%, мыс және катодтар - 25,3%, бидай - 61,3%-ға артқан. Аталған тауарлар, әсіресе, Италия (5759,4 млн доллар), Қытай (5114,7 млн доллар) және Ресейге (2668,7 млн доллар) көп экспортталған. Айта кетсек, бес айдағы импорт көлемі де 14,4 пайызға өсіп, 17,1 млрд долларға жетті. Оның басым бөлігі дәрілік заттар, мыс кендері мен концентраттары және қара металдардан жасалған өзге де бұйымдар.