Атырауда 17 келі марихуана тасымалдаған күдікті ұсталды

Атырауда 17 келі марихуана тасымалдаған күдікті ұсталды

Атырауда 17 келі марихуана тасымалдаған күдікті ұсталды
ашық дереккөзі
Атырау облысында аса ірі көлемдегі есірткі затын тасымалдау фактісі анықталды деп хабарлады turkystan.kz atpress.kz-ке сілтеме жасап.
«Тәртіп сақшылары «Атырау-Ақтөбе» тас жолының 30 шақырымында Toyota Ipsum маркалы автокөлікті тоқтатып, тексеру кезінде жалпы салмағы 17 кг болатын «марихуана» есірткі затын анықтады. Аталған дерек бойынша Атырау қалалық Полиция басқармасымен ҚК-тің 296-бабының 4-бөлігімен сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды» деп жазылған хабарламада.
Қазіргі уақытта күдікті ұсталып, қамауға алынған.  Өзге ақпарат ҚПК-нің 201-бабына сәйкес жариялануға жатпайды.