Ақтаулық тұрғынның көз ұяшығында 25 жыл жатқан шыны алынды

Ақтаулық тұрғынның көз ұяшығында 25 жыл жатқан шыны алынды

Ақтаулық тұрғынның көз ұяшығында 25 жыл жатқан шыны алынды
ашық дереккөзі
Дәрігерлер Ақтау тұрғынының көзінің астына көлік апаты кезінде кірген шыныны 25 жылдан кейін алды. Ол осы уақытқа дейін көз ұяшығында шыны сынығы қалып қойғанын білмей келген деп хабарлады turkystan.kz Stan.kz-ке сілтеме жасап.  width=
«1997 жылы қыз апатқа ұшырап, соның салдарынан бірнеше күн бойы ес-түссіз жатқан. Кейін ол есін жиып, инфраорбитальды аймақта кең тыртықпен және деформацияланған көзімен әдеттегі өмірін қайта бастаған. Алайда, сол сәтсіз күндерден бері оның көзінің астында ауырсыну пайда болып, жас ағу және басқа да белгілер оның мазасын алған. Қанша дәрігерлерге көрініп, түрлі мамандарға жүгінсе де еш нәтиже болмаған», - деді емханадағылар.
25 жылдан кейін Ақтаудағы жеке клиникалардың бірінің мамандары науқастың көзінің астынан көлемі 5 миллиметр болатын шыны сынығын тапты. Шыны науқастың тіндерінен қауіпсіз түрде шығарылған.