Алға қаласында газ құю бекеті жарылды

Алға қаласында газ құю бекеті жарылды

Алға қаласында газ құю бекеті жарылды
ашық дереккөзі
Ақтөбе облысында газ құю станциясында жарылыс болды деп хабарлады turkystan.kz.
Облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметіне сәйкес, өрт 17 шілдеде 18:50-де басталған. Алға қаласының Абай көшесіндегі «Лимангаз» газ құю станциясында көлемі 46 текше метрлік екі цистерна жарылған.
«Жарылыс орнына 26 өрт сөндіруші мен жеті өрт сөндру көлігі аттанды. Жарылыс пен өрт салдарынан Toyota camry, жүк арту көлігі зардап шекті, сонымен қатар алаңы 22 шаршы метр жанар-жағармай станциясының ғимараты өртеніп кетті. Станцияның үш қызметкері дер кезінде ғимараттан шығып үлгерген», - делінген хабарламада.
Сондай-ақ өрт сөндірушілер сыйымдылығы 54 және 10 текше метр болатын екі цистернаның жарылуының алдын алды.
Төтенше жағдайлар департаментінің хабарлауынша, зардап шеккендер мен қаза болғандар жоқ.