Келес ауданының тұрғыны өз үйінде суицид жасады

Келес ауданының тұрғыны өз үйінде суицид жасады

Келес ауданының тұрғыны өз үйінде суицид жасады
ашық дереккөзі
Оқиға 16 шілдеде Түркістан облысында болған деп хабарлады turkystan.kz облыстық Полиция департаментіне сілтеме жасап. Суицид жайлы аудандық полиция бөліміне жедел жәрдем қызметі хабарлаған.
«Аталған жайт сол күні Қылмыстық кодекстің 105-бабы 1-бөлігі бойынша тіркеліп, қазір  сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Тиісті сот-медицина сараптамасы тағайындалды. Полицейлер мәйітті қарау барысында ешқандай зорлық белгілерін анықтаған жоқ», –  дейді Түркістан облысы Полиция департаментінің баспасөз хатшысы Гүлнар Әбдіжаппарова.
Аудандық полиция бөлімінің басшылығы қайтыс болған әйелдің жақындарымен кездесті. Қазір заң аясындағы жұмыстар жүргізіліп жатыр. Ал қосымша арыз-шағымдар болса, назарға алынады.