Дүйсенбі, 26 Қыркүйек, 2022

Алматыда құзға өрмелеуден Орталық Азия чемпионаты өтеді

20-24 шілде аралығында Алматыда жастар арасында спорттық құзға өрмелеуден Орталық Азия чемпионаты өтеді деп хабарлады turkystan.kz.

Іс-шара «Самұрық-Қазына» ҰӘАҚ» АҚ қолдауымен Қазақстанда, Орталық Азияда спорттық құзға өрмелеуді насихаттау және дамыту мақсатында өткізіледі.

Жарысқа Өзбекстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Түркіменстан және Қазақстанның 150 жас спортшысы қатысады деп күтілуде. Ал 12-18 жас аралығындағы бозбалалар мен қыздар төрт топта сайысқа түседі. Жасөспірімдер болса, жылдамдық пен қиындық сияқты екі бағытта күш сынасады.

Чемпионат жеңімпаздары арнайы медальдар мен дипломдармен марапатталады.

Ұқсас жаңалықтар

Back to top button