Қазақстандық оқушылар халықаралық олимпиадада 4 медаль жеңіп алды

Қазақстандық оқушылар халықаралық олимпиадада 4 медаль жеңіп алды

Қазақстандық оқушылар халықаралық олимпиадада 4 медаль жеңіп алды
ашық дереккөзі
Биологиядан халықаралық олимпиадада (IBO-2022) қазақстандық оқушылар 3 күміс және 1 қола медаль жеңіп алды. Бұл туралы Оқу-ағарту министрі Асхат Аймағамбетов Facebook-тегі парақшасында жазды деп хабарлады turkystan.kz.
«Осылайша, оқушыларымыз былтырғы көрсеткішті жаңартты. Олар өткен жылы 1 күміс, 2 қола медаль жеңіп алған болатын. Ереванда (Армения) өткен білім жарысына әлемнің 64 елінен 250 оқушы қатысты. Еліміздің намысын Нұр-Сұлтан, Алматы және Өскемен қалаларынан 4 оқушы қорғады. Ал бұл оқушының барлығы беделді олимпиаданың жеңімпаздары атанды. Ұлттық құрама қоржынына Ерасыл Темірбеков, Дінмұхамед Омар және Әлихан Жұмағалеев күміс медаль әкелді. Ал қоланы Бақдәулет Ерназаров жеңіп алды», - деген ведомство басшысы оқушыларды лайықты жеңістерімен құттықтады.