Асхат Оралов «АМANAT» партиясының өңірлердегі филиалдарымен жиын өткізді

Асхат Оралов «АМANAT» партиясының өңірлердегі филиалдарымен жиын өткізді

Асхат Оралов «АМANAT» партиясының өңірлердегі филиалдарымен жиын өткізді
ашық дереккөзі
«AMANAT» партиясының Атқарушы хатшысы Асхат Оралов онлайн форматта партияның өңірлердегі филиалдарымен жиын өткізді. Онда халықпен кездесулер кезінде берілген уәделердің орындалу барысымен танысты. Аманаттықтар аймақтардың басым көпшілігінде болып, онда сайлауалды уәделердің орындалу барысын тексеріп қана қоймай, азаматтардың түрлі мәселелерге қатысты өтініштерін қарады.  width= Мәселен, қаңтар қақтығы салдарынан кәсібі зардап шеккен Алматыдағы кәсіпкерлермен кездесу барысында партиялықтар өтемақыны уақытылы төлеу мәселесін бақылауда ұстауға уәде берді. Жиын барысында партия қалалық филиалының атқарушы хатшысы Мейіржан Отыншиев 1594 кәсіпкер, яғни 99%-ы 14,5 млрд теңге көлемінде қаржылай төлем алғанын, бұл бағыттағы жұмыс әрі қарай да жалғасып жатқанын мәлімдеді. Орал қаласында дарынды балаларға арналған №8 мамандандырылған мектеп оқушыларының ата-аналары білім мекемесінің бірнеше жылдан бері жөндеуге жабылғанын, алайда ешқандай жұмыс жүргізілмегенін айтып шағымданды. Партияның БҚО филиалының атқарушы хатшысы Мұрат Мұқаевтың айтуынша, облыстық бюджетті нақтылау кезінде жөндеу жұмыстарына қаражат бөлінді. Жұмыс басталып кетті. Оның аяқталу уақыты 2023 жылғы тамызға жоспарланған.   Шымкент қаласында Асхат Оралов «AMANAT» партиясының сайлауалды бағдарламасын іске асыру аясында позитронды-эмиссиялық томографияға арналған қалалық онкологиялық орталыққа барды. Шымкент қаласының және оған жақын орналасқан облыстардың тұрғындары әлі күнге дейін заманауи жабдықта тегін тексеруден өте алмайды. Себебі ПЭТ-зертхана пайдалануға берілмеген. Қалалық филиалдың мәліметінше, томограф қыркүйек айында іске қосылады.  width= Түркістан облысы Саран ауданындағы Шорнақ ауылының тұрғындары аудан құрылғаннан бері 1 жылдан астам уақыт өтсе де, жолдың нашарлығына және көшеде жарықтың жоғына шағым айтты. Партия аймақтық филиалы басшылығының айтуынша, Шорнақ ауылындағы көшелерді асфальттау және жарық шамдарын орнату жұмыстары биыл желтоқсан айында аяқталады.
«Кездесулердің қорытындысы бойынша 88 хаттамалық тапсырма берілді. Оның 31-і орындалды. Қалғаны әлі орындалу үстінде. Әр тапсырманың артында құр сандар емес, адам тағдыры тұрғанын түсіну керек. Сондықтан ешқандай мәселе назардан тыс қалмайды. Өңірлік филиалдар осы мәселелерді шешу жолдарын тездетіп, апта сайын ақпарат беріп тұруы тиіс», – деді Оралов.
 width=