Жаңалықтар

Асхат Оралов «АМANAT» партиясының өңірлердегі филиалдарымен жиын өткізді

ашық дереккөзі

Асхат Оралов «АМANAT» партиясының өңірлердегі филиалдарымен жиын өткізді

«AMANAT» партиясының Атқарушы хатшысы Асхат Оралов онлайн форматта партияның өңірлердегі филиалдарымен жиын өткізді. Онда халықпен кездесулер кезінде берілген уәделердің орындалу барысымен танысты. Аманаттықтар аймақтардың басым көпшілігінде болып, онда сайлауалды уәделердің орындалу барысын тексеріп қана қоймай, азаматтардың түрлі мәселелерге қатысты өтініштерін қарады. Түркістан облысы Саран ауданындағы Шорнақ ауылының тұрғындары аудан құрылғаннан бері 1 жылдан астам уақыт өтсе де, жолдың нашарлығына және көшеде жарықтың жоғына шағым айтты. Партия аймақтық филиалы басшылығының айтуынша, Шорнақ ауылындағы көшелерді асфальттау және жарық шамдарын орнату жұмыстары биыл желтоқсан айында аяқталады. «Кездесулердің қорытындысы бойынша 88 хаттамалық тапсырма берілді. Оның 31-і орындалды. Қалғаны әлі орындалу үстінде. Әр тапсырманың артында құр сандар емес, адам тағдыры тұрғанын түсіну керек. Сондықтан ешқандай мәселе назардан тыс қалмайды. Өңірлік филиалдар осы мәселелерді шешу жолдарын тездетіп, апта сайын ақпарат беріп тұруы тиіс», – деді Оралов.