Қазақстанда 14 жаңа ұшақ пайдалануға беріледі

Қазақстанда 14 жаңа ұшақ пайдалануға беріледі

Қазақстанда 14 жаңа ұшақ пайдалануға беріледі
ашық дереккөзі
Жыл соңына дейін жалпы сыйымдылығы 2,5 мың орынды құрайтын жаңа әуе кемелері пайдалануға беріледі. Бұл туралы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Қайырбек Өскенбаев Telegram-дағы каналында жазды деп хабарлады turkystan.kz.
«Кейінгі кездері ел ішіндегі, сондай-ақ халықаралық бағыттар бойынша ұшатын рейстерге қатысты хат-хабарламалар көптеп түсіп жатыр. Шынымен, бүгінгі таңда әуе көлігіндегі жолаушылар ағынының күрт өсуі байқалады. Бұл өз кезегінде рейстердің кешігуіне әкеп соғып, отандастарымыздың наразылығын тудырып отыр. Бұл мәселені жедел шешу мақсатында қазақстандық әуе тасымалдаушыларға жаңа ұшақтар сатып алуды тапсырдым»  деп жазды ол.
Министрдің айтуынша, жылдың соңына дейін жалпы сыйымдылығы 2,5 мың орынды құрайтын 14 жаңа әуе кемесі пайдалануға беріледі.
«Атап айтқанда, «SCAT» авиакомпаниясы – 9, «Fly Arystan» – 3, «Air Astana» 2 ұшақпен толықтырылады. Бұл шаралар тасымалдау сыйымдылығын едәуір арттыра түспек. Негізінде, әуе тасымалдарына қатысты сұраныс жылдан-жылға артып келеді. Сондықтан сұранысты қанағаттандырып, рейстердің кешігуінің алдын алу үшін қазақстандық әуе кемелері паркі 2025 жылға дейін 51 бірлікке ұлғаяды», - деді Қайырбек Өскенбаев.