Қазақстаннан 8 млн долларды әкетуге жол берілмеді – ҰҚК

Қазақстаннан 8 млн долларды әкетуге жол берілмеді – ҰҚК

Қазақстаннан 8 млн долларды әкетуге жол берілмеді – ҰҚК
ашық дереккөзі
«Алматы» шекаралық бақылау басқармасы Алматы қаласының Авиациялық көлік прокуратурасының үйлестіруімен жыл басынан бері Қазақстаннан 8 млн АҚШ долларынан астам сомадағы валютаны әкетуге жол берген жоқ деп хабарлады turkystan.kz.  Бұл туралы ҰҚК Шекара қызметінің баспасөз қызметі мәлімдеді.
«Осыған байланысты шекара қызметі азаматтарға «Қазақстан Республикасының қаржылық тұрақтылығын қамтамасыз ету жөніндегі шаралары туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2022 жылғы 14 наурыздағы   № 830 Жарлығының 1-тармағының 1) тармақшасына сәйкес   10 000 АҚШ доллары баламасынан асатын сомада шетел валютасын әкетуге тыйым салынғанын хабарлайды», - делінген хабарламада.
 width= width=