Кәрім Мәсімов ісі: 3 млн АҚШ доллары мемлекетке қайтарылды

Кәрім Мәсімов ісі: 3 млн АҚШ доллары мемлекетке қайтарылды

Кәрім Мәсімов ісі: 3 млн АҚШ доллары мемлекетке қайтарылды
ашық дереккөзі
Ұлттық қауіпсіздік комитетінің бұрынғы басшылары мен қызметкерлерін тергеу барысында Гонконг пен Біріккен Араб Әмірліктерінен шамамен 3 млн АҚШ доллары мемлекетке қайтарылды. Бұл туралы Экономикалық ресурстардың заңсыз шоғырлануына қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссия отырысында айтылды деп хабарлады turkystan.kz. Қазір Кәрім Мәсімов «мемлекетке опасыздық жасау» ісі бойынша тергеліп жатқаны белгілі. Ұлттық қауіпсіздік комитетінің бұрынғы төрағасынан тәркіленген жылжымайтын және басқа мүліктердің суреттері жарияланған болатын.