Мемлекет басшысы жұмыс сапарымен Қырғызстанға барады

18 шілде, 2022 / Меруерт Сағымхан
ашық дереккөзі
Мемлекет басшысы жұмыс сапарымен Қырғызстанға барады Бұл туралы turkystan.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлады.
«20-21 шілдеде Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Орталық Азия мемлекеттері басшыларының IV Консультативтік кездесуіне қатысу үшін Шолпан-Ата қаласына (Қырғызстан) барады», – делінген хабарламада.