Жаңалықтар

Виктор Храпуновтың иелігіндегі 8 жер учаскесі тәркіленбек

ашық дереккөзі

Виктор Храпуновтың иелігіндегі 8 жер учаскесі тәркіленбек

Экономикалық ресурстардың заңсыз шоғырлануына қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссия мәліметінше, ШҚО-да орналасқан Виктор Храпуновтың жер учаскесін тәркілеу үшін іс қозғалды деп хабарлады turkystan.kz. Комиссияның ақпаратынша, бұрын заңға қарамастан тәркіленбей қалған ел аумағындағы объектілерге ревизия жалғасуда. Қазір ел аумағында сондай 36 объект анықталған. Сондай-ақ Шығыс Қазақстан облысында орналасқан Виктор Храпуновтың 8 жер учаскесін тәркілеу үшін атқарушылық іс қозғалған. Комиссия монополиясыздандыру шеңберінде атқарылып жатқан жұмыстырдың нәтижесіне тоқталды. Мәліметке сәйкес, «Қазақтелеком» АҚ (28,75%), «Көліктік сервис орталығы» АҚ (100%), «Акмолит» ЖШС (100%) сияқты компаниялардың қаражаты мен акциялары мемлекетке берілген. Бұл активтердің сомасы шамамен – 200 млрд теңге. Сондай-ақ таяуда Жамбыл облысында 1,7 млрд теңгеге заңсыз жекешелендірілген 3 объект сот тәртібімен мемлекетке қайтарылды.