Мереке күндері қосымша пойыздар жолға шығады

Мереке күндері қосымша пойыздар жолға шығады

Мереке күндері қосымша пойыздар жолға шығады
ашық дереккөзі
Қазақстанда мереке күндері қосымша пойыздар жолға шығады, - деп хабарлайды "Жолаушылар тасымалы" АҚ баспасөз қызметі. Осылайша, мереке күндері мына рейстер жолға шығатын болады: 1. №152/151 Астана-Шымкент, Астанадан 29 желтоқсанда шығады, ал Шымкенттен 30 желтоқсанда; 2. №153/154 Алматы-2-Көкшетау, Алматы-2 вокзалынан 28 желтоқсанда шығады, ал Көкшетаудан 30 желтоқсанда; 3. №155/156 Алматы-2-Арыс-1,  Алматы-2 вокзалынан 29 желтоқсанда шығады, ал Арыс-1-ден  30 желтоқсанда; 4. №501/502 Алматы-2-Семей, Алматы-2 вокзалынан 24 желтоқсанда, Семейден 25 желтоқсанда; 5. №504/503 Қарағанды-Жезказған, Қарағандыдан 29 желтоқсанда шығады, Жезқазғаннан 30 желтоқсанда.