ШҚО-дағы Бұқтырмада жолаушылар теплоходы суға батып кетті (ВИДЕО)

ШҚО-дағы Бұқтырмада жолаушылар теплоходы суға батып кетті (ВИДЕО)

ШҚО-дағы Бұқтырмада жолаушылар теплоходы суға батып кетті (ВИДЕО)
ашық дереккөзі
Шығыс Қазақстан облысында жолаушылар теплоходы суға батып кетті. Оқиға Бұқтырма су қоймасында жағалаудан үш шақырым қашықтықта болған деп хабарлады turkystan.kz Хабар24 телеарнасына сілтеме жасап. Желдің екпіні секундына 20 метрге жетіп, салдарынан кеме аударылып қалған. Куәгерлердің айтуынша, адамдар аман-есен. 21 жолаушы мен 3 экипаж мүшесі жақын маңдағы демалыс орындарынан келген қайықтармен эвакуацияланды. ШҚО Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, оқиға 17 шілдеде сағат 19:00 шамасында Ұлан ауданындағы Бұқтырма су қоймасының бойындағы «Аюда» демалыс базасынан үш шақырым жерде болған. Жолаушылар тасымалдайтын кеме қатты желдің салдарынан суға бата бастады. Кеме «Садко» демалыс базасынан «Аюда» базасына қарай жүріп келе жатқан. Адамдарды құтқару үшін капитан бастаған команда мүшелері қайыққа тез арада құтқару салын орналастырды. 21 жолаушы, оның ішінде 9 бала аман-есен «Аюда» базасына жеткізілді. Барлық азаматтардың жағдайы қанағаттанарлық, оларға медициналық көмек қажет емес.