Жаңалықтар

18 шілдеге арналған ауа райы болжамы

ашық дереккөзі

18 шілдеге арналған ауа райы болжамы

Синоптиктер 18 шілдеге арналған ауа райы болжамын жариялады деп хабарлады turkystan.kz. «Қазгидрометтің» мәліметінше, атмосфералық фронт әсерінен Қазақстанның солтүстігінде күн құбылмалы болады. «Жаңбыр жауып, солтүстікте, солтүстік-батыста, оңтүстік-шығыста түнде тұман түсіп, оңтүстікте, оңтүстік-батыста шаңды дауыл соғады. Қазақстанның оңтүстігінде, оңтүстік-батысында, солтүстік-батысында және орталығында күн жауын-шашынсыз болады», - делінген хабарламада. Түркістан, Қызылорда, Атырау облыстарының басым бөлігінде, Жамбыл, Маңғыстау облыстарының оңтүстігінде, Қостанай облыстарының оңтүстік жартысында төтенше өрт қаупі сақталады. Күндіз Алматы, Жетісу, Түркістан, Атырау, Ұлытау, Батыс Қазақстан, Қызылорда, Жамбыл, Ақтөбе облыстарының басым бөлігінде қатты ыстық болады.