Атырауда аттракционның әткеншегі бұзылып, балалар жерге құлады

Атырауда аттракционның әткеншегі бұзылып, балалар жерге құлады

Атырауда аттракционның әткеншегі бұзылып, балалар жерге құлады
ашық дереккөзі
Атырау қаласында аттракционның әткеншегі үзіліп, балалар жерге құлады. Аталған оқиғаға байланысты қылмыстық іс қозғалды деп хабарлады turkystan.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап. Оқиға кеше, 16 шілдеде жергілікті уақытпен сағат 22:30 шамасында болған. Бұл деректі Атырау облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметі растады. Мұнайлы шаһардың тұрғындары кешкі серуен кезінде балаларын аттракционға отырғызған. Алайда, әткеншек бірден тоқтап, орындықтар бекітілген жері үзіліп кеткен.
«Оқиға болған жерге жедел жәрдем бригадасы шақырылды. Ауыр жарақат алғандар жоқ», - деп хабарлады облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметінен.
Қазір аталған фактіге қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 141-бабы (Балалардың өмiрi мен денсаулығының қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету жөнiндегi мiндеттердi тиісінше орындамау) бойынша тергеу жүргізіліп жатыр. Аттракцион әткеншегінің үзілуінен зардап шеккен балалар жедел жәрдем көлігімен облыстық балалар ауруханасына жеткізілді. Аурухана дәрігерлерінің тексеруінен соң балалар үйлеріне жіберілді. Аталған аттракцион Жайық өзенінің жағалауындағы Жастар саябағында орналасқан. Соңғы бір жыл бойы тоқтап тұрған «Керемет жағалау» аттракционы биыл іске қосылған.