Жаңалықтар

Дәурен Ермеков Хабиб Нурмагомедов турнирінің чемпионы атанды

ашық дереккөзі

Дәурен Ермеков Хабиб Нурмагомедов турнирінің чемпионы атанды

Қазақстандық файтер Дәурен Ермеков Fighting Promotions Naiza Fighting Championship және Eagle Fighting Championship арасындағы бірінші бірлескен турнирде уақытша Eagle FC титулын жеңіп алды деп хабарлады  turkystan.kz Prosports.kz-ке сілтеме жасап. Оның қарсыласы ресейлік файтер Гамзат Хирамогомедов болды. 5 раундқа есептелген жекпе-жекте Ермеков мерзімінен бұрын жеңіске жетті. Отандасымыз екінші раундта техникалық нокаутпен ұтты. Осылайша қазақстандық «уақытша» EFC чемпионы атағын жеңіп алды.