Жаңалықтар

Шымкенттегі ірі жол апатынан көшеге қарбыз шашылып, екі адам зардап шекті

ашық дереккөзі

Шымкенттегі ірі жол апатынан көшеге қарбыз шашылып, екі адам зардап шекті

Шымкентте үлкен жол апаты салдарынан 4 тонна қарбыз көшеге шашылып, үлкен кептеліс пайда болды деп хабарлады turkystan.kz Оtyrar.kz-ке сілтеме жасап. 17 шілде күні сағат 14:00 шамасында Жиделібайсын және Шардара көшелерінің қиылысында, мал базарына жетпей жол апаты болды. 8 көлік соқтығысып, жолды жауып қалған. Салдарынан ұзын сонар көлік кептелісі болды. Алдын ала ақпарат бойынша, Howo маркалы жүк көлігіндегі тежегіш бірден істен шыққан. Зардап шеккендердің екеуі - Газель жолаушысы және Howo жүргізушісі. Өкінішке қарай, 4 тонна қарбыз артып алған Газель көлігінің жүгі көшеде шашылып, жарамсыз күйге түсті.