Қызылордада жіті ішек инфекциясын жұқтырғандар күрт көбейді

Қызылордада жіті ішек инфекциясын жұқтырғандар күрт көбейді

Қызылордада жіті ішек инфекциясын жұқтырғандар күрт көбейді
ашық дереккөзі
Қызылорда облысында биыл жіті ішек инфекциясын 553 адам жұқтырған деп хабарлады turkystan.kz. Инфекция жұқтыру бойынша 104 жағдай бау-бақша өнімдерімен байланысты болып отыр. Жаздың алғашқы айларында өңірде тұрғындар арасында мерзімінен ерте піскен бақша өнімдері мен жеміс-жидектерді тұтынатындар көбейген. Бұл жіті ішек инфекциясын жұқтырудың санын арттырады. Аталған көрсеткіш өткен жылмен салыстырғанда 81,8%-ға жоғары.
«Аурушандық деңгейінің өсу тенденциясы Қызылорда қаласы және Арал мен Шиеліден басқа ауданнның барлығында байқалған. Жұқпалы жіті ішек ауруларының 87%-ы Қызылорда қаласының үлесіне тиеді. Науқастанғандардың 83%-ы 14 жасқа дейінгі балалар. Оның ішінде 2 жасқа дейінгі балалар 60-70%», - деді Қызылорда облысының Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің өкілдері.
Мамандар жемістер мен қауын-қарбызды рұқсат етілмеген орындардан сатып алмауға кеңес берді.