43 градус ыстық: алты облыста дауылды ескерту жарияланды

43 градус ыстық: алты облыста дауылды ескерту жарияланды

43 градус ыстық: алты облыста дауылды ескерту жарияланды
ашық дереккөзі
16 және 17 шілдеде ауа райының күрт нашарлауына байланысты Қазақстанның алты облысында дауылды ескерту жарияланды деп хабарлады turkystan.kz. Қазгидрометтің мәліметінше алты облыста бұршақ жауып, қатты жел тұрады әрі аптап ыстыққа байланысты төтенше өрт қаупі күтіледі. 16 шілдеде Солтүстік Қазақстан облысының басым бөлігінде жаңбыр жауады, өңірдің солтүстігінде, батысында, оңтүстігінде найзағай ойнап, күндіз бұршақ түсуі, дауыл тұруы ықтимал. Түнде және таңертең облыстың солтүстік-шығысында тұман түседі деп күтіледі. Күндіз аталған өңірдің солтүстігінде, батысында, оңтүстігінде шығыстан, солтүстік-шығыстан 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғады, кей тұста екпіні 23 м/с жетеді. 16 шілдеде Петропавлда күн күркірейді. 16 шілдеде күндіз Батыс Қазақстан облысының басым бөлігінде +35...+ 38°C қатты ыстық болады деп күтіледі. Өңірдің оңтүстік-шығысында, батысында төтенше өрт қаупі сақталады. Оралда 16 шілдеде күндіз +35°C қатты ыстық болады деп күтіледі. 16 шілдеде күндіз Қызылорда облысында 43 градус аптап ыстық болады деп күтіледі. Облыстың басым бөлігінде төтенше өрт қаупі сақталады. Қызылордада күндіз: +43°C 16-17 шілдеде Түркістан облысының солтүстігінде, батысында, таулы аудандарында шығыстан 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғады. Күндіз өңірдің басым бөлігінде +41...+43°C шамасында қатты ыстық болады деп болжанады. Түркістанда 16-17 шілдеде шығыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с жетеді, күндіз қатты ыстық болады: +41...+40°C. Синоптиктер Шымкентте 16-17 шілдеде күндіз қатты ыстық болады деп болжайды. 16 шілдеде күндіз Ақтөбе облысының солтүстік-шығысында солтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15 м/с құрайды. Сынап бағаны 37°C көрсетеді. 16 шілдеде күндіз Атырау облысында және Атырауда +35...+ 37°C қатты ыстық болады, облыстың оңтүстігінде аптап ыстық күтіледі: +40°C. Өңірдің батысында төтенше өрт қаупі сақталады.