Ұлттық музейдегі ұрлыққа Мұхамедиұлының қатысы жоқ – Айдар Қырықбай

Ұлттық музейдегі ұрлыққа Мұхамедиұлының қатысы жоқ – Айдар Қырықбай

Ұлттық музейдегі ұрлыққа Мұхамедиұлының қатысы жоқ  – Айдар Қырықбай
ашық дереккөзі
Ұлттық музей басшылығына қатысты қылмыстық істі тергеп-тексеру жалғасып жатыр.  Осы орайда Арыстанбек Мұхамедиұлының баспасөз хатшысы Айдар Қырықбай Ұлттық музейдегі ұрлықтың жаңа эпизодына қатысты пікір білдірді деп хабарлады turkystan.kz.
«Достар, мен әлеуметтік желі мен кейбір БАҚ өкілдері таратқан ақпарат жалған екенін мәлімдеймін. Арыстанбек Мұхамедиұлы 2017-2018 жылдары музей директоры болмаған», - деп жазды Айдар Қырықбай Facebook-тегі парақшасында.
Қазір Нұр-Cұлтан қаласы бойынша Cыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Ұлттық музей басшылығына және өзге де тұлғаларға қатысты сотқа дейінгі тергеу жүргізіп жатыр. Күдіктілерге 2017-2018 жылдары «Ақпараттық ресурстарда объектілерді танымал ету үшін жалпыұлттық тізбеге енгізілген объектілердің 3D моделін құру» жобасын іске асыру кезінде аса ірі мөлшерде бюджет қаражатын жымқырды деген айып тағылып отыр. Бұған дейін Ұлттық музей директоры Арыстанбек Мұхамедиұлы Нұр-Сұлтан қаласындағы уақытша ұстау изоляторына қамауға алынғанын жазған болатынбыз.