Жаңалықтар

Өрт сөндірушілер отқа оранған үйден екі баланы алып шықты

ашық дереккөзі

Өрт сөндірушілер отқа оранған үйден екі баланы алып шықты

15 шілдеде өрт сөндірушілер Төле би көшесіндегі өртенген үйлерден екі баланы аман алып шықты деп хабарлады turkystan.kz. Нұр-Сұлтан қаласы ТЖД баспасөз қызметінің мәліметі бойынша, алтыншы қабаттағы пәтер өртенген. №6 ӨСБ аға өрт сөндіруші-құтқарушысы Абылай Өтегенов пен №4 ӨСБ командирі Бағдат Боханов Өртенген пәтер ішінде қалып кеткен 2019 және 2021 жылғы балаларды алып шықты. «Қазір балалардың жағдайы тұрақты. Өрт 14:23-те толығымен жойылды. Өртті сөндіруге елордалық ТЖД-ның жеке құрамынан 13 адам мен 3 техника жұмылдырылды», - деді Нұр-Сұлтан қаласы ТЖД баспасөз қызметінен.