Жаңалықтар

Қазақстан оқушылары халықаралық олимпиадада 1 алтын, 4 күміс медаль жеңіп алды

ашық дереккөзі

Қазақстан оқушылары халықаралық олимпиадада 1 алтын, 4 күміс медаль жеңіп алды

Швейцарияның Цюрих қаласында өткен физикадан халықаралық олимпиадада қазақстандық оқушылар 1 алтын және 4 күміс медаль жеңіп алды деп хабарлады turkystan.kz. Олимпиадада еліміздің намысын 5 оқушы қорғады. Олар 75 елден келген 368 жасөспіріммен сынға түсті. Балалар өткен жылы 5 күміске ие болған еді. Осылайша, биыл оқушыларымыз былтырғы көрсеткішті жақсарта алды. Айта кетейік, Ұлттық құрама қоржынына Даниил Шатохин алтын және күміс медальді Ерсұлтан Пітебай, Владимир Лим, Дінмұхаммед Рахымжанов және Ризабек Алпамыс әкелді. «Сіздер жоғары нәтиже көрсетіп, еліміздің намысын әлемдік аренада абыроймен қорғай білдіңіздер. Бұл жетістіктеріңізге ата-аналарыңыздың қолдауы, ұстаздарыңыздың берген білімі септігін тигізді, сол үшін ризашылығымды білдіргім келеді. Сіздерге алдағы уақытта да жеңісті күндер тілеймін. Биік белестерді бағындыра беріңіздер», – деп жазды Оқу-ағарту министрі Асхат Аймағамбетов Telegram арнасында.