Сәрсенбі, 5 Қазан, 2022

Қарағанды облысында екі көлік соқтығысып, 8 адам қаза тапты

Қарағанды облысында екі көлік соқтығысып, 8 адам қаза тапты. 9 адам ауруханаға жеткізілді деп хабарлады turkystan.kz.

Қарағанды облысы ПД баспасөз қызметінің мәліметінше, микроавтобус пен жүк көлігі соқтығысқан. Оқиға 16 шілдеде Қарағанды облысының Шет ауданында Алматы-Екатеринбург тасжолында болған. Микроавтобус Алматыдан Қарағандыға бара жатқан. Ішінде 17 адам болған.

«Жол-көлік оқиғасы салдарынан оқиға орнында жеті адам қаза тапты, тағы бір жолаушы ауруханаға барар жолда жедел жәрдем көлігінде көз жұмды. Түрлі жарақат алған тоғыз адам медициналық мекемеге жеткізілді. Алдын ала мәліметтер бойынша, микроавтобустың жүргізушісі көлік тізгінінде ұйықтап қалған», – деді облыстық ПД баспасөз қызметінен.

Ұқсас жаңалықтар

Back to top button