Елімізде бір тәулікте 1 470 адамнан коронавирус анықталды

Қазақстанда өткен тәулікте коронавирус инфекциясын 1 470 адам жұқтырған деп хабарлайды turkystan.kz коронавирустың таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссия мәліметіне сілтеме жасап.
Өңірлер бойынша: Нұр-Сұлтан қаласында – 423, Алматы қаласында – 494, Шымкент қаласында – 106, Ақмола облысында – 27, Ақтөбе облысында – 4, Алматы облысында – 132, Атырау облысында – 27, Шығыс Қазақстан облысында – 22, Жамбыл облысында – 54, Батыс Қазақстан облысында – 12, Қарағанды облысында – 81, Қостанай облысында – 14, Қызылорда облысында – 23, Маңғыстау облысында – 17, Павлодар облысында – 12, Солтүстік Қазақстан облысында – 10, Түркістан облысында – 12.
Жалпы, пандемия басталғалы елімізде коронавирус инфекциясын 1 315 021 адам жұқтырды.