Елордада велосипед теуіп жүрген баланы көлік қағып кетті

Елордада велосипед теуіп жүрген баланы көлік қағып кетті

Елордада велосипед теуіп жүрген баланы көлік қағып кетті
ашық дереккөзі
Елордада көшеде велосипед теуіп жүрген 7 жасар баланы көлік қағып кетті деп хабарлады turkystan.kz.  Нұр-Сұлтан қалалық Полиция департаментінің мәліметінше, қайғылы оқиға кеше кешкі сағат 18:38-де орын алған.
«14 шілдеде кешкі сағат 18:38-де Hyundai Tucson көлігін тізгіндеген 27 жастағы жүргізуші Қосшығұлұлы көшесімен келе жатып, велосипед теуіп жүрген 7 жастағы баланы қағып кетті. Бала жол-көлік оқиғасы салдарынан алған жарақатынан көз жұмды. Аталған факті бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 345-бабы 3-тармағымен сотқа дейінгі тергеу басталды», - делінген департамент ұсынған ақпаратта.