Елордада велосипед теуіп жүрген баланы көлік қағып кетті

15 шілде, 2022 / Өтей Торғайұлы
ашық дереккөзі
Елордада велосипед теуіп жүрген баланы көлік қағып кетті Елордада көшеде велосипед теуіп жүрген 7 жасар баланы көлік қағып кетті деп хабарлады turkystan.kz.  Нұр-Сұлтан қалалық Полиция департаментінің мәліметінше, қайғылы оқиға кеше кешкі сағат 18:38-де орын алған.
«14 шілдеде кешкі сағат 18:38-де Hyundai Tucson көлігін тізгіндеген 27 жастағы жүргізуші Қосшығұлұлы көшесімен келе жатып, велосипед теуіп жүрген 7 жастағы баланы қағып кетті. Бала жол-көлік оқиғасы салдарынан алған жарақатынан көз жұмды. Аталған факті бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 345-бабы 3-тармағымен сотқа дейінгі тергеу басталды», - делінген департамент ұсынған ақпаратта.