Шымкентте бойжеткенге пышақ кезенген күдікті ұсталды (ВИДЕО)

Шымкентте бойжеткенге пышақ кезенген күдікті ұсталды (ВИДЕО)

Шымкентте бойжеткенге пышақ кезенген күдікті ұсталды (ВИДЕО)
ашық дереккөзі
12 шілде күні полицияға жергілікті тұрғын арызданған. Ол өз шағымында 4 шілде сағат 22:00 шамасында Шымкент қаласы Нұрсат мөлтек ауданында бейтаныс ер адам келіп, пышақпен қорқытқанын жеткізген деп хабарлады turkystan.kz. Оқиға кезінде жәбірленушінің көмек сұраған даусынан үй иесі сыртқа шығып келе жатқанда, күдікті қашып үлгерген.
«Полиция қызметкерлерінің жедел ұстауы және тәулік бойы жүргізілген жедел-іздестіру жұмыстары нәтижесінде күдікті бейнекамера көмегімен анықталып, тұрғылықты жерінде ұсталды. Бұл оқиға ҚР Қылмыстық кодексінің 293-бабы «Бұзақылық» бойынша тіркелді. Қазіргі уақытта ұсталған ер адамға қатысты соталды тергеу амалдары жүргізіліп жатыр», - деді Шымкент қалалық ПД баспасөз қызметі өкілдері.