Өрт сөндірушілер ерекше құсты аман алып қалды

Өрт сөндірушілер ерекше құсты аман алып қалды

Өрт сөндірушілер ерекше құсты аман алып қалды
ашық дереккөзі
Бүгін «МАЭК-Қазатомөнеркәсіп» ЖШС Мемлекеттік емес өртке қарсы қызметіндегі көлік жүргізуші Кәрім Мұсаев мекеме маңындағы бұтаға қонған үлкен қара құсты байқап қалған деп хабарлады turkystan.kz mangystaumedia.kz-ке сілтеме жасап. Құс әлсіреп одан әрі ұшып кете алмаған. Кәрім құсты бұталардың арасынан суырып алып, салқын өрт сөндіру боксына кіргізіп, үстіне су шашып салқындатты. Одан соң өрт сөндіру бөлімінің қызметкерлері комбинаттың Қоршаған ортаны қорғау бөлімінің басшысы Ольга Маркинаны көмекке шақырды. Маман «құдайы қонақтың» - африкалық немесе Қара құтан деп аталатын құс екенін айтты. Мамандардың пайымы бойынша, құс Қаракөл көліне ұшып келе жатқан үйіріне ілесе алмай, 1 шақырымдық жерде адасып қалғанға ұқсайды. Оқиға орнына арнайы шақыртылған Қарақия-Қаракөл қорығының инспекторлары құсты көп ұзатпай жақын маңдағы су қоймасы – Қаракөл көліне жеткізді.