«Мойындады»: Өскеменде қаңтар оқиғасына қатысқан 7 адам сотталды

«Мойындады»: Өскеменде қаңтар оқиғасына қатысқан 7 адам сотталды

«Мойындады»: Өскеменде қаңтар оқиғасына қатысқан 7 адам сотталды
ашық дереккөзі
Өскемен қаласында қаңтар оқиғасында жаппай тәртіпсіздікке қатысқан жеті адам сотталды деп хабарлады turkystan.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап. Қалалық сот қаңтар оқиғасына қатысқан 7 адамға үкім шығарды. Олар 5-6 қаңтар күндері елді жаппай тәртіпсіздікке шақырғаны және бүлікке өздері қатысқаны үшін ҚР Қылмыстық Кодексінің 272-бабы бойынша кінәлі деп танылды.
«Жетеуі де өз қылмыстарын мойындады. Сот жазаны жеңілдететін мән-жайларды ескере отырып, төрт айыпталушыны бір жыл алты айға бас бостандығын шектеді. Қалған үшеуіне пробациялық бақылау белгілеумен 4 жылға шартты түрде бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды» деп хабарлады ШҚО Прокуратурасының баспасөз қызметі.
Айта кетсек, бүгінде Өскемен мен Семей қалаларының соттары жаппай тәртіпсіздікке барған тағы 36 адамға қатысты 6 қылмыстық істі қарауда.