Юлия Путинцева Будапешт турнирінің жартылай финалына шықты

Әлемдік рейтингте 32-орында тұрған қазақстандық теннисші Юлия Путинцева «Будапешт WTA 250» турнирінің жартылай финалына шықты деп хабарлады turkystan.kz.
Отандасымыз ширек финалда украиналық Леся Цуренкодан басым түсті. Юлия Путинцева бірінші партияда қарсыласына дес бермеді. Есеп: 6:0. Екінші сетте де 2:0 есебімен алда болды. Осыдан кейін Л.Цуренко ойынды жалғастырудан бас тартты. Енді спортшымыз финалға шығу үшін әлемнің 105-ракеткасы, сербиялық Александра Круничпен шеберлік байқасады.
Чемпионға арналған пәтер!
Спорт эмоцияларының бас демеушісі - 1XBET компаниясы "Чемпионға арналған пәтер" тамаша акциясын жариялайды. 1XBET компаниясымен бірге чемпион бол да, Алматының орталығындағы жап-жаңа пәтердің кілтін ал!