Жаңалықтар

Алматыда Түрксіб ауданының тұрғындары үйсіз қалудан үрейленіп отыр

ашық дереккөзі

Алматыда Түрксіб ауданының тұрғындары үйсіз қалудан үрейленіп отыр

«Ескі үйлерді сүру» бағдарламасы бойынша, ауданда келер жылдан бастап 1900 пәтерлі 47 тұрғын үй құрылысы басталмақ.

Түрксіб ауданының тұрғындары үйсіз қалудан үйрейленіп жүр. Олар «ескі үйлерді сүру» бағдарламасы бойынша көне тамдары бұзылатындықтарына алаңдаулы. Өйткені, тұрғын үйлер орналасқан аумақ өзгенің меншігіне тиесілі екен, деп жазады Алматы телеарнасы. Чапай Жансұлтанов бұл үйде орналасқан пәтерін 2000 жылдары жекешелендіріп алған. Құжаттарын көршілерімен бірге осы жылы ғана жинай бастаған. Бірақ, тұрғын үй орналасқан жер телімі 10 жыл бұрын жекенің қолына өтіп кетіпті. «Заң бойынша, үйіміз орналасқан аумақ өзімізге тиесілі. Егер жер телімі өзгенің меншігі болса, тұрып жатқан пәтеріміз кімге тиесілі?! Менің ойымша, жаңа үй бізге тегін берілмейді», - деді Чапай Жансұлтанов. Дегенмен, Түрксіб ауданының жауаптылары бұл жағдайда даурығудың қажеті жоқ дейді. Ескі пәтерлерінің орнына жаңасы беріледі. Тек шаршы метрлерінің құжаттары түгел болса жеткілікті. Айта кетейік, «Ескі үйлерді сүру» бағдарламасы бойынша, ауданда келер жылдан бастап 1900 пәтерлі 47 тұрғын үй құрылысы басталмақ. Бағдарлама енген ескі үйлер саны 500-ден асады.