Соңғы 10 жылда іске асырылған автожол жобаларын комиссия тексереді

Соңғы 10 жылда іске асырылған автожол жобаларын комиссия тексереді

Соңғы 10 жылда іске асырылған автожол жобаларын комиссия тексереді
ашық дереккөзі
Соңғы 10 жылда іске асырылған автожол жобаларын тексеру үшін Қаржы, Ұлттық экономика, Әділет министрліктерінің, Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің, прокуратура органдары мен «Атамекен» ұлттық Кәсіпкерлер палатасының өкілдері кіретін комиссия құрылады деп деп хабарлады turkystan.kz. Бұл туралы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Қайырбек Өскенбаев Үкімет отырысында айтты.
«Автожол саласын реформалау шеңберінде келесідей шаралар қабылданатын болады: Бірінші. «ҚазАвтоЖол» ұлттық компаниясы акционерлік қоғамы «Қазақавтожол» жауапкершілігі шектеулі серіктестігімен біріктіріледі. Қаулы жобасы Үкіметке биылғы тамыз айында енгізілетін болады. Екінші. Соңғы 10 жылда іске асырылған автожол жобаларын тексеру жөніндегі комиссия құрылады. Комиссия құрамына Қаржы, Ұлттық экономика, Әділет министрліктерінің, Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің, прокуратура органдары мен «Атамекен» ұлттық Кәсіпкерлер палатасы өкілдері кіреді. Қаулы жобасы Үкіметке осы жылдың тамыз айында енгізіледі», - деді министр.
Сондай-ақ ол күзде заңға құрылыс процесіне қатысушылардың бәрінің жеке жауапкершілігін күшейтетін нормалар енгізілетінін жеткізді.
«Жергілікті кәсіпкерлік пен нарықты дамыту мақсатында отандық мердігерлер үшін шартты жеңілдіктер мен преференцияларды қолдану бойынша қолданыстағы сатып алу қағидаларына өзгерістер енгізіледі», - деді министр.
Айта кетсек,Үкіметтің кешегі кеңейтілген отырысында Президент Қасым-Жомарт Тоқаев ірі компаниялардың жол салу тендерін ұтып алып, жұмысты мердігерге ысыра салатынын сынаған еді.