Сауда министрі Президенттің айтқан сынына қатысты пікір білдірді

Сауда министрі Президенттің айтқан сынына қатысты пікір білдірді

Сауда министрі Президенттің айтқан сынына қатысты пікір білдірді
ашық дереккөзі
Сауда және интеграциялар министрі Бақыт Сұлтанов «Ұлттық тауар өткізу жүйесін” іске қосудың не себепті кешіктірілгенін түсіндірді деп хабарлады turkystan.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.
«Ұлттық тауар өткізу жүйесін іске қосуға қатысты, шынында да, бұл жобаны жүзеге асыру бірқатар субъективті және объективті себептерге байланысты кешіктірілді. Атап айтқанда, бюджетке жүктемені төмендету мақсатында қаңтар-ақпанда қаржыландыру шарттары өзгерген жобаны мемлекеттік жекешелік әріптестік шарты шеңберінде мемлекет міндеттемесінің деңгейін қайта қарауды талап етті», - деді министр Үкімет үйінде өткен баспасөз мәслихатында.
Министрдің айтуынша, қаржыландыру құралдарын қайта қарау және оған жаңа инвесторларды тарту бойынша консорциуммен келіссөздер жүргізілді.
 «Мемлекет басшысының ескертулерін ескере отырып, біз ұлттық тауар өткізу жүйесін құрудың қолданыстағы моделін қайта қарау жұмыстарын бастадық. Қазір біз мүдделі инвесторларды тарта отырып, көтерме сауда орталықтарын құрудың бірнеше балама сценарийлерін қарастырып жатырмыз. Осыған байланысты, белгіленген мерзімде яғни биылғы қазан айына дейін тиісті тәсілдер Мемлекет басшысына баяндалады», - деді Бақыт Сұлтанов.
Еске сала кетсек, Үкіметтің кеңейтілген отырысында Мемлекет басшысы қант тапшылығын реттей алмаған Сауда және интеграция министрі Бақыт Сұлтанов пен Ауыл шаруашылығы министрі Ербол Қарашөкеевке сөгіс жариялады.