Ақтөбеде футбол академиясы ашылады

Ақтөбеде футбол академиясы ашылады

Ақтөбеде футбол академиясы ашылады
ашық дереккөзі
Ақтөбе қаласында футбол академиясы ашылады. Қазір «Химик» стадионы маңайында жаңа нысанның іргетасы құйылып жатыр деп хабарлады turkystan.kz 24.kz-ке сілтеме жасап. Кешеннің аумағы – 9 мың шаршы метр. Мұнда ойын алаңынан бөлек 30 орындық жатақхана және оңалту залы болады. Жобаға 2 млрд 600 млн теңге бағытталып отыр. Құрылысқа қажетті негізгі материалдар шетелден тасымалданады. Футбол алаңының төбесінде жабынды болады. Сәйкесінше жасөспірімдер академияда қысы-жазы жаттыға алады. Спорт кешенін келер жылдың мамыр айында тапсыру жоспарланған. Десе де, әкімдік өкілдері құрылыстың мерзімінен бұрын аяқталуы мүмкін екенін айтады.
«Футбол бізде, Ақтөбе қаласында өте жақсы дамып келе жатыр және де жанкүйерлеріміз де өте көп. Соған байланысты осы футболға деген сұраныс көп болғаннан кейін осы ғимаратты салу бойынша қазір жұмыстар жүргізіліп жатыр. 7 жастан 17 жасқа дейінгі дарынды балаларға арналған. Егерде кедендік рәсімдерден барлығы жақсы болатын болса, осы жылдың аяғына дейін беруді жоспарлап отырмыз», – деді қалалық құрылыс бөлімі басшысының орынбасары Аслан Жарасбаев.