Коронавирус тамыз айында өршиді – министр

Коронавирус тамыз айында өршиді – министр

Коронавирус тамыз айында өршиді – министр
ашық дереккөзі
Коронавирус жұқтыру деңгейі тамыз айында өршиді. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният мәлімдеді деп хабарлады turkystan.kz. Министр алдағы үш айға арналған болжамдар ай сайын жаңартылып отыратынын айтты.
«Пессимистік сценарийде ең көп тіркелген жағдайлар тәулігіне 4000 науқасқа дейін, реалистік сценарийде тәулігіне 2500 жағдайға дейін, оптимистік сценарийде тәулігіне 1000 жағдайға дейін болады. Сондай-ақ инфекцияны жұқтырғандардың саны тамыз айында өседі. Ал тамыз-қыркүйек айының соңында төмендей  бастайды», – деді Ажар Ғиният.
Министр қазақстандықтарды өз денсаулығына қамқор болуға шақырды.