Канада Ресейге тағы санкция салды

Канада Ресейге тағы санкция салды

Канада Ресейге тағы санкция салды
ашық дереккөзі
Канада билігі Ресей Федерациясының мұнай-газ, химия және өнеркәсіптік секторларына қатысты тағы санкциялар енгізді деп хабарлады turkystan.kz ТАСС агенттігіне сілтеме жасап. Тиісті құжат 14 шілде күні Канада Сыртқы істер министрлігінің сайтындағы Ресейге қарсы санкциялар бөлімінде жарияланды.
«Канада Ресейдің мұнай-газ, химия және өңдеу өнеркәсібіне 2 өндірістік қызмет көрсетуге тыйым салатын арнайы экономикалық шаралар туралы ережелерге (Ресей) қосымша түзетулер енгізді», - делінген құжатта.
Бұл тізімге осы секторлардың 8  жаңа саласы қосылғанын көрсетеді. Құжатта Канада азаматтары мен компаниялары, атап айтқанда, Ресей тарапына металл өнімдерін, автомобильдерді, тіркемелер мен жартылай тіркемелерді, компьютерлік, электронды және оптикалық өнімдерді, электр жабдықтарын, жер үсті көлігі мен құбырларды өндіруге байланысты қызметтер көрсетуге тыйым салынатындығы түсіндірілген. Бұл санкцияларды өткен демалыс күндері Канаданың Сыртқы істер министрі Мелани Жоли жариялады.