Елордада инфекциялық стационарларда қанша адам емделіп жатыр?

Елордада инфекциялық стационарларда қанша адам емделіп жатыр?

Елордада инфекциялық стационарларда қанша адам емделіп жатыр?
ашық дереккөзі
Бүгін қалалық әкімдікте короновирустық инфекцияның таралуы мен қазіргі жағдайы бойынша мәселелер талқыланды деп хабарлады turkystan.kz. Нұр-Сұлтан қаласының Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Тимур Мұратовтың айтуынша, қалада 22 маусымнан бастап коронавирустық инфекцияның өсуі байқалады.
«145 адам инфекциялық стационарларда, төсек орындарының жүктелуі 36,8% құрайды. Реанимация бөлімшесінде 11 пациент ем алуда, оның ішінде ИВЛ аппаратында – 0, жүктемелігі - 21,5%. Соңғы 3 аптада орташа есеппен тәулігіне 100 жағдай тіркеліп, 12 адам ауруханаға жатқызылады. Бүгінгі күннің өзінде 353 адамның коронавирус бойынша ПТР тесті оң нәтиже көрсетті. Барлық санитарлық нормаларды сақтап, вакцина алып, ревакцинациядан өту керек», - деді ол.
Іс-шара Нұр-Сұлтан қаласы әкімінің орынбасары Ерлан Бекмурзаевтың төрағалығымен өтті. Жиынға «Нұр-Сұлтан қаласының Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті» РММ басшысы Сархат Бейсенова және қалалық емханалар мен ауруханалардың директорлары қатысты. Айта кетсек, қазіргі уақытта елордада 7 инфекциялық стационар жұмыс істейді, олардың төсек-орын сыйымдылығы - 394, оның ішінде КВИ емдеуге арналған 51 реанимациялық төсек-орын жабдығы бар.