Бүгін – қазақтың бард ақыны Табылды Досымовтың туған күні

Бүгін – қазақтың бард ақыны Табылды Досымовтың туған күні

Бүгін – қазақтың бард ақыны Табылды Досымовтың туған күні
ашық дереккөзі
15 шілде қазақтың тұңғыш бард ақыны Табылды Аяшұлы Досымовтың туған күні деп хабарлады turkystan.kz. Ақын 1965 жылы 15 шілдеде Атырау облысының Индербор кентінде дүниеге келген. Ғұмырында жанына гитараны серік еткен Табылды Досымов жайлы замандастары мен қаламгерлердің естеліктері аз емес. Оның «Жанарымның жарқылы» (2000), «Ұнатамын мен сені» (2002), «Жайықтың толқындары», «Табылдының әні» атты өлеңдер мен ән мәтіндері оқырмандар арасында кеңінен танымал. Әндері кең байтақ елінің рухын көтерді. Өкінішке қарай, қазақтың тұңғыш бард ақыны небары 2010 жылы 45 жасында дүниеден озды. Өнер майталманы көзі тірі болса 57 жасқа толар еді. 45 жыл ғұмырында соңына өшпес мол мұра қалдырған Табылды Досымовтың әндері халқымен мәңгі жасай бермек.