Нұр-Сұлтан мен Алматы арасында жаңа пойыз іске қосылады

Нұр-Сұлтан мен Алматы арасында жаңа пойыз іске қосылады

Нұр-Сұлтан мен Алматы арасында жаңа пойыз іске қосылады
ашық дереккөзі
«Нұр-Сұлтан Нұрлы жол – Алматы-2» бағытындағы №204/203 коммерциялық жолаушы пойыздары 17-18 шілдеден бастап қатынайды деп хабарлады turkystan.kz «Жолаушылар тасымалы» АҚ баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Пойыздар араға күн салып жүретін болады.
«Нұр-Сұлтаннан Алматыға қатынайтын пойыз 17 шілдеден бастап тақ күндері жүретін болса, Алматыдан ел астанасына қарай пойыз 18 шілдеден бастап жұп күндері жолға шығады», - делінген хабарламада.