11 тонна қантты заңсыз кіргізбек болған 2 азамат ұсталды

11 тонна қантты заңсыз кіргізбек болған 2 азамат ұсталды

11 тонна қантты заңсыз кіргізбек болған 2 азамат ұсталды
ашық дереккөзі
Қырғыз Республикасының 2 азаматы Қазақстанға тағы да 11 тонна қант экспорттамақ болды. Бұл туралы Қырғыз Республикасы Ұлттық қауіпсіздік мемлекеттік комитеті Шекара қызметінің ақпарат және коммуникациялар департаменті мәлімдеді деп хабарлады turkystan.kz kabar.kg сайтына сілтеме жасап.
«Ақ Жол-автожол» бақылау-өткізу бекетінде Mercedes маркалы екі жүк автокөлігі тоқтатылды. Көлік тізгінінде Қырғыз Республикасының азаматтары - 1991 жылы туған Т.У. және 1992 жылы туған С.Н. болған. Жүргізушілер шекара нарядына көлікте ұн өнімдері бар екені көрсетілген ілеспе құжаттарды ұсынды. Тексеру кезінде шекарашылар ұн жәшіктерінің артына жасырылған 11 тонна қантты тапты», - деп хабарлады ведомстводан.
Тиісті құжаттар толтырылған соң жүргізуші мен жүк құзырлы орган қызметкерлерінің қарауына берілді. Айта кетсек, Қырғыз Республикасы Министрлер кабинетінің шешімімен елден түйіршіктелген қант пен шикі қантты 6 айға дейін экспорттауға уақытша тыйым салынды. Еске салсақ, 14 шілдеде Қырғыз елінен Қазақстанға 6 тонна қант өткізбек болғанын хабарланған болатынбыз.  width=