Еліміздің үш қаласында ауа сапасы нашарлайды

Еліміздің үш қаласында ауа сапасы нашарлайды

Еліміздің үш қаласында ауа сапасы нашарлайды
ашық дереккөзі
Бүгін еліміздің үш қаласында ауа сапасы нашарлайды деп хабарлады turkystan.kz. Қазгидрометтің мәліметі бойынша, 15 шілде күні Қазақстанның көптеген қаласында қолайлы метеорологиялық жағдай сақталады. Жұма күні еліміздегі қалалардың басым көпшілігінде атмосфералық ауа сапасы бірқалыпты болады. Тек Нұр-Сұлтан, Алматы және Петропавл қалаларында ғана қолайсыз метеорологиялық жағдай көрініс табуы мүмкін. Қолайсыз метеорологиялық жағдай атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы. ҚМЖ жағдайында елді мекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы мүмкін.